Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2020

Британиялық желікпелер тыйылар емес

AutoExpress басылымы хабарлағандай, көше кептелісінің азайып, жанармайдың арзандауы қуатты көлікті тізгіндеп желдей есетіндердің тынысын кеңітті. ⠀ Суррей графтығында патрульдік жасақ сағатына 130 миль жылдамдықпен жүйткіген азаматты ұстаған. Бұл әрекетін ол «неғұрлым жылдам қозғалсам, коронавирус жұқтыру қаупі соғұрлым төмен болады», — деп түсіндіріпті. ⠀ Ал жылдамдықты 40 мильдан асыруға тыйым салынған Лондон көшелерінің бірінде полиция сағатына 134 миль жылдамдықпен қозғалған бір топ жүргізушіні құрықтады. ⠀ Құқық қорғау органдары бұл үрдістің жаппай етек алғанына алаңдаулы. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қарапайым жүргізушілер арасында жылдам жүйткитіндер саны едәуір артқан. Жол апатына түсер болса, олар коронавирусқа шалдыққан науқастарға толы ауруханаларға жеткізіледі. ⠀ Айтпақшы, мұхиттың арғы жағында да соған ұқсас жағдай болып жатыр. Жуырда бейресми көше жарыстарының бірінде қосымша жанармай бактарымен жабдықталған Audi A8L АҚШ-тың шығыс жағалауынан батысына небәрі 26 сағат 38 минутта жетіп, заңсыз рекорд орнатты.

781 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз