Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2020

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" қатысушылары бейнеролик түсірді

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының үш маусымының қатысушылары карантин кезеңінде қазақстандықтарды қолдап, бейнеролик түсірді.

 2017-2019 жылдардағы жоба финалистері әлеуметтік желілерге бейнеролик дайындап, коронавирустық инфекциямен күресуде алдыңғы қатарлы адамдарға алғыс айтып, қолдау көрсетіп, өзін-өзі оқшаулау кезінде уақытты қалай өткізетінін айтып, қазақ тіліндегі шығармалардан үзінділер оқып, өз білімін жетілдіру курстарымен бөлісті.

"100 жаңа есім" жобасы 2017 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында бастау алды. Онда мәдениет, спорт қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер, медиа өкілдері және басқа да бірқатар бағыттар қамтылды. Олардың табыс тарихы жаңа ұрпақты мақсат қоюға, оған жетуге ынталандыруға бағытталған.

Бұл жоба бүгінде өңірлік және мемлекеттік деңгейде жалғасын табуда.

 

816 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ИТАЛИЯ ШЕКАРАСЫН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АШПАЙДЫ!
Келесі мақала Орфографиялық жұмыс тобы құрамындағы ғалымдар онлайн дәрісті жалғастырады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *