Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2020

Бір таңбамен берудің фонетикалық негіздері  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен көпшіліктің сұранысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбында онлайндәрістердің екінші кезеңін бастады. Онлайн дәрістердің бірінші күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова  «И мен У-ды жаңа әліпбиде бір таңбамен берудің фонетикалық негіздері» тақырыбын тарқатты. Ғалым өткен аптада онлайн дәріс өткізген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Нұргелді Мақажанұлы Уәлидің идеяларын жалғастырып, латын әліпбиіне көшкенде и, у дыбыстарын бір таңбамен қалдырудың фонетикалық негіздерін талдап берді. Ғалым Анар Фазылжанова жетілдірілген әліпби жобасында басқа әріптердің дыбыстық мәні бір ғана фонеманы білдірсе, İi (й,и) мен Uu (у) әріптері күрделі дыбыстық мәнді білдіретінін айта отырып, Uu(у) әрпі дауыссыздан кейін тұрғанда ұу, үу, ыу, іудыбыс тіркесін және дауыссыз у-ды, ал İi(й,и) әрпі дауыссыздан кейін ый, ій дыбыс тіркесін және дауыссыз и-ді таңбалайтынын түсіндірді. Бұлай жазу кирил графикасынан бері қалыптасып, қазіргі қазақ жазарманының санасында базалық норма ретінде әбден орныққандықтан, бір ғана таңбамен жазуда қате жібермейтінін, сұу, бұу, тұу, іит сияқты сөздерді екі әріппен жазғандаорфоэпияға нұқсан келмейтінін атап өтті. Дәрісті онлайн режимінде 139 адам тыңдап, сұрақтар қойды. Дәріс соңында көкейде жүрге сауалдарға пікірлер айтылды. Онлайн курс Facebookәлеуметтік желісінде ONLINEda bol тобы арқылы тіклей эфирде көрсетілді.  

959 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз