Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Мамыр, 2020

Түркістан облысына 60 тоннадан астам азық-түлік көмек жіберілді

"Халық" қайырымдылық қоры Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 60 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін бөлді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Оның ішінде ең қажетті деген азық-түлік тауарлары - күріш, ұн, макарон, май, шай, қант пен тәттілер бар. Гуманитарлық көмек ауданға жіберілді. Олар жергілікті әкімдіктердің тізіміне сәйкес Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілер арқылы тұрғындарға беріледі. ⠀ Бұл қайырымдылық қорының қызметі қиын жағдайдағы адамдарға көмек беруге бағытталғаны белгілі. Еске салайық, 1 мамырда Өзбекстанның Сардоба су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылып, Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толып қалды. Салдарынан еліміздегі 631 үйді су басты.

1149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз