Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Мамыр, 2020

Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 63 млрд теңгеден асты

Медициналық сақтандыру қорына 319млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады. «Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30-сәуірінедейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 63 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 56,7 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары, қалған 6,6 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаева. Сондай-ақ, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 165 мыңға жуық адам 210 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген. БЖТ саны республика бойынша 1,8 миллион адамға жетіп отыр. Алматы қаласында олардың саны 10 мыңнан 165 мыңға жетті. Жиынтық төлем төлеушілер саны карантинге байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілген мемлекеттік әлеуметтік көмекті рәсімдеушілер санына байланысты артып отыр. Жалпы алғанда 165 мыңунан астам алматылық 210 млн теңгеге жуық БЖТ төлеген. Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 процентін құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2651 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1326 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері т.б. төлей алады.  

891 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз