- Айна
- 25 Сәуір, 2024
90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау” бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады.
Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.
Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.
256 рет
көрсетілді0
пікір