Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Мамыр, 2020

Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды

Қазақстан аумағында коронавирус жағдайына байланысты 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутта аяқталды. ⠀ 29 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы Төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойған. Осылайша, Жарлыққа сәйкес ТЖ режимі аяқталады. ⠀ Дүйсенбі, 11 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Президент коронавирус жағайына қатысты шараларды бағалап, Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың одан арғы іс-қимылдарының стратегиясын айқындайды. ⠀ Алайда, ТЖ режимін алып тастауға қарамастан, қалалар мен өңірлерде карантин 11 мамырдан кейін де жалғасады. Осылайша, карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында сақталады. ⠀ Карантин режиміне байланысты шаралар төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін сақталатынын бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та еске салған еді. ⠀ "Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Азаматтарымыз қалыпты өмірге біртіндеп оралады деп үміттенемін. Бізде ұзақ мерзімді стратегиялық даму жолы бар", - деген еді Тоқаев.  

1136 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз