Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды⠀

Маңғыстау облысында карантин режимі мен шектеу шаралары 25 мамыр сағат 07:00-ге дейін ұзартылды. Тиісті қаулыны облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдады. ⠀ Облыс аумағында жалғасатын шектеулердің бірқатары: ⠀ азаматтардың аймаққа кіру мен шығуына (халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді қоспағанда) тыйым салынады; ⠀ облыс тұрғындарына қалалар мен аудандар арасына қатынауға болмайды; ⠀ 1,5-2 метр арақашықтықты сақтаумен, міндетті түрде бетперде киіп, таңертең сағат 07:00-10:00 аралығында жұмысқа баруға және кешке 17:00-ден 19:00-ге дейін (жұмыс орнынан анықтамасы болғанда) үйге қайтуға рұқсат етіледі; ⠀ ойын-сауық, спорттық және өзге де бұқаралық шаралар, сонымен қатар, отбасылық, еске алу шаралары өткізілмейді; ⠀ дін нысандарының қызметі уақытша тоқтатылады; ⠀ азық-түлік сататын орындардың жұмыс режимі сағат 10:00-17:00 аралығында жалғасады.

740 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз