Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Күзде де карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін

Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті. Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында күзде коронавирустың екінші толқыны болатындығы туралы пікірлерге қатысты сұрақ қойылды. Бұл тұрғыда кәсіпорындардың жұмысына шектеу енгізу мүмкіндігі жайында сұралды. «Шынымен де күзде біз вирустың екінші толқыны келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Алайда күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі эпидемиологиялық ахуал назарға алынады. Күзде қандай да бір карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, бұл қадамдар індеттің таралуы қаупіне байланысты болады», - деді вице-министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көбжасаров коронавирустың екінші толқыны қай кезде келуі мүмкін екенін айтты. «Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру ешбір белгілерсіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін», - деді Д. Көбжасаров онлайн тәртіпте өткен брифингте. inform.kz

428 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мақтааралда балаларға психологиялық көмек көрсетілуде
Келесі мақала Мектептегі соңғы қоңырау онлайн соғылады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *