Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Мамыр, 2020

Нидерландыда жануардан коронавирус жұғу дерегі тіркелді

Нидерландыдағы аң фермасында қаракүзеннен коронавирус таралу жағдайы тіркелді. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылық министрлігі үкіметке жолдаған хатында айтылған, - деп хабарлайды Reuters. Сәуірде COVID-19 Нидерландыдағы фермаларда екі қаракүзеннен анықталған. Жануарлардың тыныс алу жолдары және ас қорыту жүйесі нашарлағаннан кейін тесттен өткізген. Жергілікті бірден фермаларды жапқан. Бірақ вирустың жануарлардан берілметінін айтқан.
 Енді голланд министрі Карола Схаутен бұған дейін COVID-19 жануардан адамға тарауы мүмкін емес деген пікір қате екенін мойындаған.
Жалпы коронавирус ауа-тамшы жолдары арқылы, яғни, науқастың тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы, мысалы, жөтелгенде, түшкіргенде тарайтыны белгілі. Бұған дейін коронавирус бірнеше ит пен мысықтан, сондай-ақ вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған жолбарыстан анықталған. Алайда бұл жануарлар вирус тасымалдауы мүмкін деген нақты дәлел жоқ екен. tengrinews.kz/

651 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз