Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Маусым, 2020

Бобыржан Момынов Лас-Вегаста жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Бобыржан Момынов ертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында шаршы алаң төріне көтеріледі. Ол бүгінгі салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымызға американдық Кэмерон Краел қарсылас атанбақ. Top Rank promotions ұйымдастырып отырған аталмыш бокс кеші коронавирус індетіне байланысты көрермендерсіз өтеді. Жеңілістің ащы дәмін татпаған Бобыржан осы уақытқа дейінгі 10 жекпе-жегінің 8-ін нокаутпен жеңіп, 2 мәрте қарсыластарынан төрешілер шешімімен басым түскен. Қазақ боксшысы қазіргі уақытта boxrec.com порталының мәліметіне сәйкес, жартылай орта салмақтағы дүние жүзі боксшыларының рейтингінде 102 орында тұр. Аталмыш кездесу үшін Бобыржан Момыновқа 6000 доллар, ал қарсыласы Кэмерон Краелге 8000 доллар көлемінде гонорар төленеді. Бексұлтан Нұрланұлы

692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз