Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Маусым, 2020

Жамбыл облысында 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Осы жылдың алғашқы 5 айында Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өңірдегі: ⠀ ауыл шаруашылығы 2,9%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6%-ға, құрылыс көлемі 8,7%-ға өсті. ⠀ 2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста жалпы сомасы 1051,6 млрд теңгеге 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 68,6 млрд теңгеге 114 жоба мақұлданған. ⠀ Сондай-ақ, 1 маусымдағы жағдай бойынша шамамен 17 мың адам жұмыспен қамтылыпты.

1378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз