Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Тамыз, 2020

Сенатор  ғылымды дамыту мәселелерін талқылады

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының дендрологиялық паркінде болды. Щучинск қаласының солтүстік бөлігінде осы аттас көлдің жағасында орналасқан ғылыми орталықтың қызметімен танысу барысында сенатор Еуропадан, Сібірден, Солтүстік Америкадан, Қиыр Шығыстан, Жапониядан, Қытайдан, Кореядан, Орта Азиядан өсімдіктердің 600-ден астам түрі ұсынылған интродуценттер топтамаларының әралуандығына назар аударды. Дендрологиялық парктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы Бақытжан ЖұмағұловқаӘ.Н.Бөкейханның атындағы ҚазҚСҒЗИ Бас директоры Әлімжан Рахымжанов пен селекция бөлімінің меңгерушісі Яна Крекова айтып берді Институт орман  флорасын сақтаумен және көбейтумен, орман екпелерін адам өмірінде пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз етумен айналысады. Ғалымдардың зерттеулері экологиялық апат аймақтарын, агроорман мелиоративтік және көгалдандыру екпелерін қоса алғанда, Қазақстанның орман қорын зерттеуге бағытталған. Ғалымдардың айтуынша, дендрологиялық саябақта ұсынылған өсімдіктердің ең құнды қорлары ғылыми зерттеулер, экспозициялар құру және биоалуантүрлілікті сақтау алаңы ғана емес, сонымен қатар орман шаруашылығында, көгалдандыруда және басқа да салаларда қолданылатын техникалық, тағамдық, дәрілік және сәнді көсімдіктердің ассортиментін байытудың маңызды көзі болып есептеледі. Сенатор сапар барысында орманшаруашылығы және агроорманмелиорация саласында зерттеулер жүргізу; орман шаруашылығын жүргізудің ғылыми негіздерін әзірлеу; ғылыми кадрлар даярлау; инновациялық технологияларды ғылыми қамтамасыз ету және оларды өндіріске енгізу сияқты бағыттарда маманданатын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ құрамына кіретін ғылыми-зерттеу институтының қызметіне қатысты мәселелерді талқылады. Сенатор кездесуде елорда айналасын және еліміздің ірі қалаларын көгалдандыру, орман ғылымын дамыту, ҒЗИ нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту, Қазақстанда туындайтын экологиялық проблемаларды шешудегі ғалымдардың рөлі мәселелерін көтерді.

899 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз