Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Тамыз, 2020

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды. Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың биылғы наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты. «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Президентке компанияның Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмыстары туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 пульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы «Авифарир» дәрісі сатып алынған. Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес қордың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді. Қор төрағасы Президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты. Кездесуде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

121 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде өткен тәулікте 929 адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Келесі мақала Сенатор Парламенттегі қызметін қорытындылау үстінде

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *