Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Тамыз, 2020

Елімізде жұмыссыздық жайлап барады

Қазақстанда жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздардың саны 8 есе артқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов жағдай бұдан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертті.

«Бүгінгі таңда ай сайын 60 мың адам осындай мақсатпен жүгінеді. Олардың ішінде бұрыннан жұмыссыз жүргендер де, карантин кезінде жұмысын жоғалтқандар да болуы мүмкін. Яғни түрлі санаттың адамдары бар. Бәрін жағдайдың келгенінше «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырып жатырмыз. Тым болмағанда уақытша жұмысқа кіргіземіз», – деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр жұмыссыздық деңгейі жыл соңына дейін 6,1 пайызға жетуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл шамамен 700 мың адам деген сөз. Бірінші тоқсанда еңбекке жарамды халықтың 4,8 пайызы жұмыссыз болса, қазір ол 5 пайыз көлемінде. Жастар арасындағы жұмыссыздық бірінші тоқсанда 3,8 пайыз болса, қазір 4 пайыз. Мұнда да өсім 0,2 пайыз», – деді Серік Шапкенов.

897 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз