Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Тамыз, 2020

Елімізде бірыңғай сынып сағаты өтеді

21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайдыБілім жәні ғылым министрлігі.

«Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантин шаралары кезінде білім алушыларды оқыту форматымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады», делінген хабарламада. Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді: Карантин кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет платформаның мүмкіндігімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.



666 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз