Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Тамыз, 2020

«Күміс волонтер» жобасына шақырамыз

Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы «Күміс волонтер» жобасын бастағалы отыр.

Қазақстанда бұл қозғалыс енді қарқынды даму үстінде және 50 жастан асқан аға буын өкілдерінің арасында белсенді өмір сүруді үлгі етуде.

Осы жылдың 18 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында 50 жастан асқан азаматтар үшін «Күміс волонтер» жобасына қабылдау жарияланады. Жобаға қатысу үшін Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан барлық ниет білдірушілер шақырылады.

Жобаның хэдлайнерлері – Қазақстан, Ресей, Грузия және тағы да басқа елдердің белгілі қоғам қайраткерлері.

Бұл жобаның басты мақсаты – жас ерекшеліктеріне қарамастан азаматтардың волонтерлікке қатысуын кеңейту. Жоба бағдарламасына кіретін пунктілер:

  • Білікті жаттықтырушылардан арнайы онлайн-семинарлар мен онлайн-практикумдар;
  • «Күміс волонтердің 5 қадамы» атты курс;
  • Қызығушылықтар бойынша клубтар аясындағы онлайн-кездесулер;
  • «Отбасы мен қоғамдағы аға буын мен жастар арасындағы байланысты дамытудың әлеуметтік жобалауы», «Мықты адамдардың жұмсақ дағдылары. Жасқа деген құрмет» және т.б. тақырыптағы онлайн-кездесулер;
  • Күміс волонтерлердің республикалық онлайн-форумы;
  • Белсенді волонтерлерді марапаттау және мадақтау.

Жоба онлайн-кездесулер форматында 2020 жылдың тамыз және қазан айларының аралығында өтеді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 3 ай (тамыз, қыркүйек, қазан 2020 ж.)

Ұйымдастырушы:  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»  КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Алматы қ. бойынша «Болашақ» Қауымдастығы

Аккредиттация: 2020 жылдың 27 тамызына дейін

Барлық сұрақтар бойынша жобаның PR-менеджеріне хабарласыңыз:

8700 088 0966 (Айша Қасымжан)

 

500 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз