Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 31 Тамыз, 2020

Зүлфия Чиншанло күміс алды

Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық кубокта екінші орынға ие болды.

Халықаралық жарыс Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған.

 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Өзбекстан спортшысы Муаттар Нәбиева 205 келі (95+110) зілтемірді бағындырып, үздік атанды.

Чиншанло жұлқа көтеруде қарсыласына жол берді, ал серпе көтеруде ешкімге есе жіберген жоқ. Осылайша, ол 115 келі көтеріп, күміс медальға ие болды.

Үздік үштікке польшалық Йоанна Лоховская енді (80+105).

Сондай-ақ, бұл халықаралық жарысқа қазақстандық зілтемірші Ибрагим Берсанов те қатысып жатыр. 30 тамызда ол 109 келі салмақта бағын сынайды.
 

Жарыс онлайн режимде өтіп жатыр.

360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз