Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 20 Қыркүйек, 2020

Туған күніңмен, Алматы!

Бүгін әсем қала Алматының туған күні. Алматы - республикалық маңызы бар қала және еліміздегі ірі елді мекені. Алматы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан.

Қала-1854 жылы құрылған. 2020 жылдың басындағы мәлімет бойынша қала тұрғындарының саны 1 916 822 адамды құрайды.

Алматы

Алматы-Орталық Азияның замануи, ірі және болашағы зор қалаларының бірі. Бұл Қазақстанның білім беру, ғылыми, мәдени, қаржылық, индустриялық-инновациялық, көлік, сауда-логистикалық, спорттық, туристік орталығы.

Елорданың көшірілуіне қарамастан, қала бұрынғыша жаңа идеялар шығаратын және қазіргі заманғы дамудың трендтерін беретін елдің мәдени орталығы болып қала береді.

Алматы

Қалада мұражайлар, театрлар, көркем галереялар, филармониялар, Концерт залдарды, кітапханалар және басқаларын қамтитын жүзден астам мәдениет мекемелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, қалада 140 тарихи және мәдени ескерткіштер бар.

Алматы әрқашан экономика мен әлеуметтік өмірдің маңызды оқиғаларының орталығында. Жыл сайын мұнда әртүрлі өнер түрлері мен жанрларға арналған түрлі халықаралық фестивальдер, мәдени форумдар мен байқаулар өтеді.

Алматы

Алматы біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында арабтарға, қытайларға, парсыларға, гректреге жақсы таныс болған Жібек жолындағы ең көне қоныстардың бірі болып табылады.

Алматы

Қала экотруизмді дамыту үшін бірегей табиғи әлеуетке ие, тарихи-мәдени мұраға бай, туризм үшін салыстырмалы түрде тұрақты және қауіпсіз орын болып табылады және туризмнің мынандай бағыттарында жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне ие: іскерлік, оқиғалық, тарихи-мәдени, медициналық, экологиялық, этнографиялық, ойын-сауық және т.б.

Алматы

Қазіргі уақытта пайдаланылатын, Алматы қаласы мен Алматы облысының бірыңғай туристік кластеріне енгізілетін неғұрлым маңызды туристік аймақтар:

Алматы

Алматы-Шымбұлақ, Ақбұлақ, Медеу, Үлкен Алматы көлі, Алмаарасан, Талғар шатқалы, Көктөбе, туристік курорттары және сауықтыру тау шаңғысы өзге де дамыған аймақтар;

Алматы

Алматы облысының ірі туристік аймақтары-Тамғалы, Қарақыр, Іле Алатауы шатқалы, Шелек өзені және Бартоғай су қоймасы, Шарын шатқалы, Жаркент қаласы, "Көлсай" ұлттық паркі, Хан тәңірі шыңы, Текес, Баянқол, Нарынқол төңірегі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені, Тамғалы-тас, "Алтын емел" ұлттық паркі, Шоқан Уәлиханов мемориалы, Жетісу Алатауы, Корин шатқалы, Бұрханбұлақ сарқырамасы, Алакөл, Балқаш айналасындағы көлдер.

 Алматы

Алматы

Алматы

Алматы

АлматыАлматы

Алматы

Алматы

Алматы

Алматы

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

2399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз