Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 21 Қыркүйек, 2020

Халық тағы да 73 миллионға алданды

 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары "Otbasy men jastardy koldau kory" қорына ұжымдық өтініш жазған. Қор халыққа арзан баспана уәде еткен, ақшаны 10 жылға аз процентпен бөліп төлеуге болады деп сендірген.

Заңды түрде тіркелген қор болса да, жұмыс істеу жүйесі пирамидаға ұқсас екені анықталды. Ақша салған салымшыларға 30 күннің ішінде келісімшарт ұсынылу керек еді. Алайда қор басшысы да, келісімшарт та жоқ.

Қор негізін қалаушы Гүлбану Сапеева және директоры Омар Тәшенова салымшылардың қоңырауына суық жауап беріп, жиі хабарласқан жағдайда шарт орындалмауы мүмкін екенін айтқан.

Қор халықтан 73 миллион теңге пайда көрген. Бұл қазіргі кезде анықталған нақты сома, десе де алданғандар саны көп болуы мүмкін.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі «екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз