Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 24 Қыркүйек, 2020

Апалар тауда не істеп жүр?

Алматыдағы "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығында жаттығып жүрген 65-72 жас аралығындағы зейнеткер апалар аптасына 2-3 рет тауға шығып, таудың саф ауасымен тыныстап қайтады. Жəй тыныстап, серуендеп қайтады деуге болмайды.
Іле Алатау шатқалының кішігірім шыңдарына көтеріліп, түрлі жаттығулар жасайды. Негізгі серіктері скандинав таяқшалары. Қала саябақтарында қос таяқпен жаяу жүріп жаттыққан апаларға скандинав жүрісімен тау шыңдарын бағындыру тіпті сөз емес деуге болады.
Бұл зейнеткер апаларды денсаулықтары мықты. "Осы шынығудың арқасында еш жеріміз ауырмайды" дейді. Өз жастарынан əлдеқайда жас көрінетін апалардың жүрістері ширақ, қимылдары нық.
"Скандинав жүрісі" қазір кең таралған спорт түрі. Жаттығудың бұл түрін Финляндия жаттықтырушылары ойлап тапқан. Ұзақ жылдар бойы тек спортшылар айналысса, 90-жылдардан бастап бүкіл әлем қарттары айналыса бастады.
Бұл жаттығу арқылы адам денесі бұлшық еттерінің 90 пайызы шынығады. Бүгінде егде адамдар үшін таптырмас дене шынықтыру екені белгілі болып отыр.
Артық салмақтан арылтып, жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады. Жүрек-тамыр жүйесі сергіп, буын жұмысы қалпына келеді. Қан қысымы қал­пын­да болып, жүйке тынықтыратын сиқыры да бар.
Алматы зейнеткерлеріне арналған "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығында сканди­навтықтардың салауатты жүрі­сі­мен айналысушылардың клубы жұмыс істейді. Оған әр жастағы кез келген адам ке­ліп, нұсқаушының көмегімен ал­ғашқы қадамын жасай алады. Бір сабақтан кейін-ақ өздігінен таяққа сүйеніп жүруді тез меңгеріп кетеді екен.

1359 рет

көрсетілді

10

пікір
Алдыңғы мақала "Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"
Келесі мақала Рақмет саған, дәрігер!

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Дина

24 Қыркүйек, 2020

Оте керемееет😚😚

Сайран Мусульманова

24 Қыркүйек, 2020

Керемет.меним Сауле апайым да бар екен. Барлыктарынызга зор денсаулык тилеймин .Алга биздинказактын Апалары

Гүлжан

24 Қыркүйек, 2020

Осындай пайдасы көп орталықтар еліміздің әр өңірінде болса екен. Онда үлкендеріміздің дені сау, ортамызды толтырып жүруіне көп көмегі тиер еді🤗

Келіні Асылхан Өскемен

24 Қыркүйек, 2020

Сауле Адылханова апайыма зор денсаулық қажымас қайрат тілеймін арамызда осылай жүре беріңіз

Келіні Асылхан Өскемен

24 Қыркүйек, 2020

Сауле Адылханова апайыма зор денсаулық қажымас қайрат тілеймін арамызда осылай жүре беріңіз

Айжан

29 Қыркүйек, 2020

Апаларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін

Мадина

08 Қазан, 2020

Керемет!Апаларымыз аман болсын!Осынша жаста тауға шығу деген бір кереметқой !

Шахнұр

08 Қазан, 2020

Апаларымызды көріп меніңде тауға шыққым келіп кетті😍😍😍

Шахнұр

08 Қазан, 2020

Апаларымызды көріп меніңде тауға шыққым келіп кетті😍😍😍

Секенай

08 Қазан, 2020

Қазақтың апалары 100 жасасын!Керемет!