Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Қыркүйек, 2020

Димаштың даусын Джеки Чанның жаңа фильмінен тыңдай аласыз

Әнші Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған - танымал актер Джеки Чанның «Авангард» фильмі жарыққа шыққалы жатыр. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

«Таяу күндері мен әнін шырқаған Джеки Чанның ««Авангард» фильмі жарыққа шығады. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрдан көріңіздер«, - деп жазды Димаш Құдайберген. Еске сала кетейік , Димаш пен Джеки Чан бұрыннан жақсы таныс. Қазақ әншісі Қытайда өткен I am Singer жобасында миллиондаған қауымның жүрегін жаулаған болатын. Сонда әйгілі актермен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді.

 

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз