Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 25 Қыркүйек, 2020

Əр қазақ оқуы тиіс кітап

Қазақ баласының бірнеше буынын тәрбиелеген "Менің атым Қожа" шығармасын оқымағандар бар ма? Оқымағандар болса, тез кітап дүкеніне жүгіріңіз немесе ғаламторды шарлаңыз.
Егер өзіңіз оқып қойсаңыз, үйдегі балаңыз, іні-қарындасыңыз сияқты жас буынға "Қожаны" насихаттаңыз. Балаңызбен бірге қайталап оқысаңыз да ұтылмасыңыз анық.
"Гарри Поттердің" заманында "Қожасы" несі деуге асықпаңыз. Себебі, тамырынан нәр алмаған шыбық саялы бәйтерек бола алмайды. Соқпақбаевпен ауызданған балаға әрі қарай кімді оқыса да таңдау жеткілікті.
"Менің атым Қожа" кішкентай Қожаның бастан кешкен әр түрлі оқиғаларын баяндай отырып, сол дәуірдің картинасын тұтастай көрсеткен шығарма.
Қожа қанша бұзықтық жасаса да, оның жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.
Жазушы болуды армандайтын бұзық бала арқылы автор бала психологиясын, адами қарым-қатынасты әже мен немеренің махаббатын шебер суреттеп берген.
Әр қазақ оқуы тиіс кітаптың бүгінгі әңгімесі "қара көжеге" арналды. Сөздің тоқетері — әлемнің бірнеше тіліне аударылған "Менің атым Қожа" әлі модадан қалған жоқ,  өйткені классика ешқашан сәннен шықпайды. Оқыңыз! Оқып беріңіз!  Кітап оқыған баланың көкжиегі кең бола түспек!
 
Элеонора Жаңабергенқызы
Блогер
@sauatty_qazaq_

912 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз