Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қыркүйек, 2020

Жамбылда орман өртінің бесінші сыныбы байқалады

Жамбыл облысындағы Жамбыл авиа бөлімінің қорғалатын аумағында биылдыққа 13 орман өрті тіркелді. Жалынның жалпы ауданы-34623 га аумақты қамтыды. Соның ішінде  орман ауданы - 27718 га,  орманнан тыс-6905 га жер жанып кетті.  

Авиациямен  12 өрт байқалса, ал өрт сөндіруші десантшыларымыз 6 орман өртін сөндіруге қатысты.

Осы жылғы өрт найзағайдың және жергілікті тұрғындардың абайсыз от тұтандыруынан пайда болды. Соның салдарынан,  бір ғана шілде айының ішінде Жамбыл авиа бөлімшесінің аумағында  11 орман өрті туындады.   Онымен қоса жел жылдамдығы 18 м/с  асып, ауа температурасы +42 градусты көрсетті. Бұл қиын жағдайдағы алапат орман өртін сөндіру  адам күші мен  техника ресурсының жетіспеушілігі салдарынан үлкен аумақты қамтыды.

Қазіргі уақытта, Жамбыл авиа бөлімінің қорғалатын аумағында 5 өрт қауіптік сыныбы байқалады. Күз келгеннен кейін, ағаш пен шөптер сарғайып, жануға дайын тұрады, соған қарай тік ұшақ  және ұшақ арқылы өрт сөндіруші десантшылар белсенді жұмыс істеуде.

Бекзат Байшалов,

«Қазавиаорманқорғау»  РМҚК  ұшқыш бақылаушысы

Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы

744 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз