Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2020

Сенат төрағасы бас раввинмен кездесті

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның бас раввині Ешая Когенді қабылдады.

Сенат төрағасы Қазақстанда бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде Иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және аталған дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев бас раввинді және Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құттықтады. Сенат төрағасы ежелден келе жатқан бұл мейрам сенім пен бірлікті арттыратынын және ізгілікті дәріптейтінін тілге тиек етті.

Кездесу барысында тараптар осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің қорытындыларын іске асыру жұмыстарына қатысты пікір алмасып, дінаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев съездің халықаралық деңгейде мойындалғанын және жаһандық өркениетаралық диалогтың маңызды тетігіне айналғанын айтты.

26 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Келесі мақала Қазақстанда жылдың үздік хоккейшісі анықталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *