Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 30 Қыркүйек, 2020

Еуропалық Одақ Өкілдігі Нұр-Сұлтан қаласында 27 ағаш отырғызды

Еуропалық Одақтың климаттық дипломатиясы және #EU4GreenKZ науқаны аясында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі ЕО-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ЭКСПО аумағында ағаш отырғызу іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — Нұр-Сұлтан қаласының тұрақты және «жасыл» дамуына үлес қосу және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Еуроодақ Қазақстанның орнықты даму жолында жасаған батыл қадамдарын жоғары бағалайды. 2013 жылы Қазақстан “жасыл” экономикаға көшу бойынша жоспарды іске қосты. Бұл Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі ең өршіл жоспарлардың бірі. Біз екіжақты және аймақтық «жасыл» бағдарламаларымыз арқылы Қазақстанның бұл жетістіктеріне үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Қоршаған орта мен «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастық – 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптeстік пен ынтымақтастық туралы келісімнің басты бағыттарының бірі”, - деп атап өтті Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза.

Іс-шараның ашылу салтанатында алғыс сөз алған – ЕО Елшісі Свен-Олов Карлсcон, Германия Елшісі Тило Клиннер (қазіргі уақытта Германия ЕО Кеңесінде төрағалық қызметін атқаруда), Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Сонымен қатар, шараға Қазақстанда тіркелген ЕО-ның 21 мүше мемлекеттерінің  Елшілері мен жоғары өкілдері қатысты.

Дипломаттар ЕО-ға мүше мемлекеттер санын білдіретін 27 ағаш көшетін, соның ішінде 15 көк шырша және 12 емен ағашын отырғызды. Бұл ағаштар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы достық пен “жасыл” және тұрақты болашаққа ортақ бейілділіктің нышаны болмақ.

ЕО климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша халықаралық іс-қимылдардың алдыңғы қатарында және серіктес елдердің климаттың өзгеруіне, қоршаған орта мен экожүйелерді қорғауға бағытталған жұмысын қолдайды. 2015-2018 жылдар аралығында ЕО Қазақстанның ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған 7 миллион еуро құрайтын бағдарламасы арқылы Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуін қолдады. Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуге деген мақсаты ЕО-ның Орталық Азиядағы экологиялық, климат және су тұрақтылығын арттыру бойынша күш біріктіру аймақтық басымдылығымен үйлеседі. Бүгін, ЕО-ның су, энергия, қоршаған орта және су-азық-түлік-энергия байланысын тұрақты пайдалануды қамтитын 15 аймақтық бағдарламасы бар, олардың жалпы сомасы шамамен 100 миллион еуроны құрайды, соның ішінде флагмандық қоршаған орта мен су ресурстары саласындағы ынтымақтастық бойынша WECOOP және NEXUS бағдарламалары және Орталық Азия су және энергетика қауіпсіздігін дамыту бағдарламасы (CAWEP).

#EU4GreenKZ науқаны шеңберінде Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің әлеуметтік желі парақшаларында Ecoselfie фото байқауын, Эразмус студенттерінің қатысуымен “Green Europe Tour” жобасы мен онлайн “жасыл” мастер класстар сериясын ұйымдастыру жоспарланған. 

 

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз