- Айна
- 26 Сәуір, 2024
Ертең Алматыда ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді
Сенбі күні, 27 сәуірде Алматы қаласында «Алматы — бақ қала”акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді.
• 10:00-ден 13:00–ге дейін 7705 ағаш отырғызылады, оның 4015-і жеміс және 1090-ы жапырақты.
Қала тұрғындары мен қонақтарын көшет егуге шақырамыз!
• Жалпықалалық акцияға қатысып, Алматыны жасыл желекке бөлеп, көркейтуге атсалысыңыз.
• Акция аясында шығармашылық байқау, таңғы жаттығу, би флешмобы. йога, викторина және шеберлік дәрісі өтеді.
Көшет егу жоспарланған жерлер:
• ҮАК бойындағы солтүстігіндегі саябақ;
• АLA саябағы;
• Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңы.
Алма бақ құру үшін егілетін ағаштар:
• 1245 алма ағашы;
• 90 жапырақты ағаш;
• 2600 бұта.
218 рет
көрсетілді0
пікір