Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2020

«Almaly» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Алматы қаласының Алмалы ауданында 30 қыркүйекте Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қатысуымен Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-туры және баспасөз конференциясы өтті.
Ауданда жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша «Almaly» халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы өтті.
 
 «Бұл нысан мемлекеттің коммуналдық меншігінде болды. Алғашында «Бақытты отбасы» орталығын ашу жоспарланған болатын, бірақ бізде бір орталық бар. Президенттің бизнеске, халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету және қолдау туралы тапсырмаларын іске асыру аясында аталған орталықты ашу туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті Алмалы ауданының әкімі.
 
 «Almaly» орталығында келесі ұйымдардың өкілдері қызмет атқарады: 
- Халыққа қызмет көрсету орталығы;
- «Almaty Finance»;
- «Qoldaỳ» кәсіпкерлік орталығы»;
- «Атамекен» ҰКП;
- «Бақытты отбасы» аудандық орталығы.
Сонымен қатар, орталықта басқа аудандардың тұрғындары да қызмет ала алатыны аталып өтті. 
Одан әрі, баспасөз турының қатысушылары үшін «Іскер Ана» тігін цехының әлеуметтік нысанының таныстырылымы ұйымдастырылды. Цехтың ашылу мақсаты-әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ауданның көп балалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру.
 
 «Мұнда аналар өз өнімдерін сатуды, бизнес негіздерін үйренеді. Барлық аналар жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан, - деп атап өтті "Бақытты отбасы" жобасының үйлестірушісі Жұлдыз Бекжанова. - Біз аз қамтылған отбасылар арасында 3 мың маска тігіп, тараттық. Тапсырыстар негізінен жеке тұлғалардан келеді».
 
Пресс-тур қатысушылары жаңартылған № 33 балалар кітапханасының филиалын аралады. Кітапхананың кітап қорында 27 644 дана кітап бар. Жаңғыртудан кейін кітапханада балаларға арналған әдеби үйірме, жаңадан бастаушыларға арналған ағылшын тілі курстары, сурет салу үйірмесі тегін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, баспасөз туры барысында қатысушылар инфрақұрылым нысандарымен, атап айтқанда, «Бюджетке қатысу»жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысты.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан жасалатын өтініштердің 60% - дан астамы аула аумақтарын абаттандыру мәселелеріне қатысты екенін атап өтті.
 
«Аула аумақтарын дамыту-қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмаларының бірі. Біздің басты міндетіміз - қала тұрғындарының сапалы өмір сүруіне жағдай жасау», - деп атап өтті аудан әкімі.
 
Аула аумақтары балалар және спорт алаңдарымен жарақтандырылатын болады. 219 балалар алаңы, 158 workout алаңы мен көше тренажерлері, 7 футбол алаңы, 36 баскетбол және стритбол алаңы орнатылады.
 
Сонымен қатар, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақатаев атындағы саябақ абаттандырылды. 
 
«Саябақ шығармашылық адамдарды тарту орталығына, қала тұрғындарының бос уақытын өткізу орнына айналады», - деді аудан әкімі.
 
ЖҚЖК аясында Алмалы ауданында 1398 жұмыс орнын құру арқылы 12 жобаны іске асыру жоспарланған, оның 700-і (50%) Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.

520 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз