Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Қазан, 2020

Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жаңа басшы тағайындалды

Аэроғарыш комитеті «РҒБО» АҚ Басқармасының төрағасы болып Мәлік Жүйріктаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі миинстрлігінің сайты.

Малик Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.  

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастады.

Өзінің еңбек жолын қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейін көтерілді.  

«РҒБО» АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек атқарды.

М.Қ. Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында.

«Үздік байланысшы» құрметті атағымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы екеуі 3 баланы тәрбиелеп отыр.

304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз