Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Қазан, 2020

Нағыз бақыт асықпай келеді

Адам арықтағысы келсе, табиғат уақыт пен табандылықтың қажеттігін алға тартады.
Ал егер тез болғанын қаласа, қазіргі пластикалық отаға жүгінуге болады.
Оның арты не болатынын ойланып жатпайды.
Адам санасын кеңейткісі келсе, тәжірибесі барлар түрлі жолды көрсетеді: медитация, ойлану, өзін тану, т.с.с.
Егер тез болғанын қаласа, қазіргі фармакология оған химиялық қоспаның түр-түрін береді. Бұның бергеннен алары көп соқпақ екенін ешкім айтпайды.
Адам бір жаққа барар болса, биология ғылымы кез келген жерге жаяу баруға 3 аптада бейімделуге болатынын анықтаған. Бірақ қазір ешкім жаяу жүрмейді. Көлік, пойыз, ұшақ мәселеңді әп-сәтте шешіп береді.
Жүрудің пайдасын ұмыта бастадық.
Адам жақын қарым-қатынаста болғысы келсе, психология ғылымы бір-бірін тану үшін алдын ала байланыс орнату, бір-бірін тану керек екенін түсіндіреді. Қауіпсіздік қажет. Құрметтеу, сыйлау екі адамды бір-бірін шын жақсы көруге, сүюге әкеледі.
Бірақ қазіргі мәдениетте әлеуметтік желі арқылы танысып, адамның қасиеттерін төмендетіп жіберді. Жауапкершілігі жоқ қатынас. Бұның бақыт әкелмейтінін ешкім айтпайды.
Кез келген тез дүниенің салдары болады. Бірден жойылған көмірсудың, жылдам стимулятордың, таныстықтың арты тығырыққа апарады.
Тез нәтижеге жеткізуі мүмкін, бірақ бергеннен алары көп.
Нағыз бақыт жай, асықпай, әр қадамын санап басады.
Бір кезде қарасаң, өзіңнің арманыңның ішінде отырғаныңды байқайсың.
Ол үшін бір нәрсе істеу керек: жауапкершілікті алу немесе бақылағанды қою. Түсіну немесе ойлануды доғару. Жайлы аймақтан шығу. Сонда барып бұған лайықты боласың. Бақыт мені тастап кетеді деген қорқыныштан адасың. Өйткені бақытқа баратын әр баспалдақты жатқа білесің. Сонда ғана ол - сендік.
Авторы: Аглая Датешидзе.
Аударған: Айнұр Бұлақбай.
@ainur_bulaqbai-дың инстаграм парақшасынан
 

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз