Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 17 Қазан, 2020

Байлыққа жету жолдары

Кəсіпте бағы жанған бизнесмендердің көпшілігі жас кезінен бас айналдырар табыстарға жеткен. Бұл сөзімізге дəлел ретінде  30 жасқа жетпей əлемді іскерліктерімен таңдай қақтырған Марк Цукерберг немесе Джек Дорси сынды миллиардерлерді айтсақ та болады.
 
Ал алғашында күнкөрістік жұмыстар істеп, өз салаларын тапқанша жылдар бойы түрлі  қиындықтармен күрескен кəсіпкерлер туралы сөз қозғасақ, олар өте көп. Солардың қатарында қаншама сəтсіздіктерге қарамастан табандылықтарының арқасында зор жетістіктерге қол жеткізген Рэй Крок (McDonald's), Сэм Уолтон (Walmart) и Робин Чейз (Zipcar) сынды асқан дəулетті адамдар  бар. 
 
Бүгін Bizness Insider басылымы ұсынған егде жасқа келгенде табысқа жеткен 10 миллиардер-бизнесменмен таныс болыңыздар. 
 
Кəсіп бастап, жетістікке жету жасқа қарамайтынын дəлелдеген тұлғалардың бизнестегі жолы кім-кімге де ой салып, жігер берері сөзсіз. 
 
 1. Curves Fitness компаниясының негізін қалаушы Гэри Хевин əйелі Дайан  екеуі тек əйел адамдарға арналған тренажёр залын ашқанда 30 жаста еді. 2006 жылға қарай олардың бизнестері өркендеп, тренажер залдарының саны 10 000-ға жетті. Бүгінде Curves-тің фитнес клубтары əлемнің 409 елінде бар.
 
2.  42 жасына дейін кеңесші болып жұмыс істеген Робин Чейз 2000 жылы автокөліктер жалға беретін  Zipcar компаниясының  негізін қалайды. 
Zipcar автокөліктерді жылдам əрі  қолжетімді бағаға жалға беруді мақсат тұтты. Ең алғашқы Zipcar Массачусетстегі Чейздің есігінің алдында тұрған еді. Zipcar 2011 жылы асқан танымал  брендке айналып, 1,2 миллиард долларға бағаланды. 
Робин Чейз Zipcar-дан кеткеннен кейін 2003 жылы  Buzzar жəне Gologo  көлік құрылыс компаниясында жұмысын жалғастырды. 
 
3. Рэй Крок 52 жасында McDonald's жылдам əзірленетін тағамдар  мейрамханалар желісін құруға көмектеседі. Бірақ ол ағайынды Макдональдстермен 1954 жылға дейін кездеспеген еді. 
Дик пен Макке өз дүкендерін ұлғайту үшін франчайзинг агенті  керек болады. Сол тұста Рэй Крок өзінің мол мүмкіндігін сезді. 30 жыл бойы қағаз стакандар сатушысы, пианист, коктейльдерге арналған миксер сатушысы болып жұмыс істеп жүрген Крок  1955 жылы McDonald's Systema Inc. брендінің негізін осылай қалаған еді. 
 
4. Сафра Катц компьютер технологиясымен айналысатын Oracle компаниясында жұмыс істейді. 1999 жылдан бастап 39 жасында компанияның директорлар кеңесіне кіреді. Ол қызмет баспалдағымен тез көтеріліп, қаржы директоры, кейін Макс Хердпен бірге компанияны тең басқару құқығын иеленіп,  бас директор болып тағайындалады. 2017 жылы айына 40,9 миллион табыс табатын Сафра Кац əлемдегі ең жоғары жалақы алатын əйел-бас директор болып танылды. 
 
5.  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Момфуку Андо Nissin Foods компаниясының негізін қалады. Бірақ соғыстан кейінгі Жапонияда тағамға деген сұраныс жоғары болатын. Андо тез даярланатын рамен кеспесін дайындауды қолға алды. Ол бұл кезде 48 жаста болатын. 96 жас ғұмыр кешкен Андо 2007 жылы өмірден озды. Ол өзінің ұзақ жасау сырын өмірінің соңына дейін  күнде тауық дəмімен жасалатын рамен жеумен байланыстырыпты. 
 
6. Тим мен Нина Загат Йель заң мектебі қабырғасында  танысқан еді. Екеуі де оқуын 1966 жылы тəмамдап, шаңырақ көтереді. Нью-Йоркке көшіп келіп, корпоративті заңгер болып еңбек жолдарын бастайды. Кейін жылдар өткен соң екеуі Парижде тұрып жатқан кездерінде өздерінің сүйікті мейрамханалар тізімін жасаумен əуестенеді де, нəтижесінде Zagat Survey брендін өмірге əкеледі.
Загат отбасы 40 жастан асқанда мол табыстарға жете бастайды. 2011 жылы Zagat-ты GOOGLE сатып алды. 
 
7. Линда Вайман 40 жасында 1995 жылы  жұбайы Брюс Хевинмен бірге Lynda.com-ның негізін қалайды. 2015 жылы  компьютер қолдануды үйрететін онлайн-кітапхана Linkedin компаниясына 1,5 миллиард долларға сатылады. Кейін Линда Вайман  Лос-Анжеласта екі дүкен ашып, сонан соң Dreamquest үшін цифрлі аниматор болды. Ол сондай-ақ, Калифорниядағы Art Center College of Design колледжінде  цифрлі медиадан дəріс берді. 
 
8. Джек Вейл 1946 жылы 45  жасында ковбой киімдері бренді Rockmount Ranch Wear брендінің негізін қалайды. Оның жаңа заман үлгісіне лайықталған кнопкалы жəне тісті қалталар мен боло-галстук сынды батыстық сəнді түрлендіре түскен дизайны сəнге айналады. Ол өз дүкенін ашқанша қарапайым сатушы болған еді. Ол 2008 жылы 107 жасқа кеп дүние салғанша компаниясын өзі басқарды. Ол АҚШ-тағы ең қарт бас директор болды.
 
9. Əйгілі Walmart қалай пайда болды деп ойланып көрдіңіздер ме? 42 жасар Сэм Уолтон 1962 жылы ең алғашқы  Walmart-ты ашқан еді. Ол өзінің бөлшек сауда империясын ашқанға дейін бөлшек сауда басқармасында табысты карьера жасап, мол тəжірибе жинаған еді. Бүгінде жылына 500 миллион доллардан астам табыс əкелетін əлемде 11 368 Walmart дүкендері бар. 
 
10. Уолли Блюм 57 жасына дейін өзінің  кəсібін ашуға  ақшасы да, уақыты да  болмағанын айтады. Ол бұрын супермаркеттер желісін жаңа азық-түліктермен қамтамасыз ету жобасымен жəне ірімшік франчайзингін бақылаумен айналысады. Кейін достарының көмегімен  Moose Tracks балмұздағын ойлап тапты. Бұл балмұздаққа қызығушылық  жылдам өсіп, нəтижесінде  балмұздақ өндірісі компаниясы Blume пайда болды.
 
Материалды дайындаған Айнұр Əкімбайқызы 

1171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз