Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қазан, 2020

«Қазақ газеттері» холдингі құрылады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіру мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

«Әлбетте елдегі БАҚ-тарды (мемлекеттік) біріктіру – уақыт талабы. Барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы бұл бірігу – әкімшілік-шаруашылық саланы оңтайландыруды көздейді. Шығармашылық бөлімге оның еш қатысы жоқ», - деді Аида Балаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл ретте нақты механизм жолға қойылғанын атап өтті.

«Бірінші кезеңде «Egemen Qazaqstan» мен «Казправда» газеттері біріктіріледі. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болып құрылады. Осыдан кейін «Қазақ газеттері» АҚ-қа біріктіріледі. Яғни «Қазақ газеттері» деген біртұтас холдинг құрылады. Сол себепті нақты алгоритм бар. Бұл ұжымдардың шығармашылық бөлімдеріне мүлде қатысты болмайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді», - деді министр.



734 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз