Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 25 Қазан, 2020

Бақытты болғың келсе...

 

Айналаңнан сенен де жағдайы нашар, сенен де қатты қиналып жүрген адамдарды байқап үйрен. Олардың жан азабын бөліс және сенім беріп, оптимизм ұялатуға тырыс.

Бірақ оларды аяушылықпен қорлама. Адамды мүсіркеу арқылы оның тым ғаріп халде тұрғанын нықтай түсесің.

Ең жақсысы, оның өз басындағы бақытсыздығын, ауруын, тұрмыстық проблемасын жеңіп шығатын қауқары, күші жететініне кәміл сен. Оның міскін жағдайы оңалып, тұрған жерінен көтерілетініне сенім арт. Және осы сезіміңді білдір оған. Оның бойында өзі ойлағаннан да алапат күш, мықты рух бар екеніне сендір оны.

Қиындыққа душар болған жандарды күшің жеткенше қолдауды үйрен, көмектесуді үйрен. Бірақ бұл жолда өзіңе зиян келтірме.

Өзіңе нұқсан келтірместен басқаларға көмектесу арқылы сен өзіңе де көмектесесің.

Жанар Байсеміз 
журналист
@janar_baisemiz инстаграм парақшасынан
 

976 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз