Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Қазан, 2020

Түркістанда дін өкілдері марапатталды

«18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай Түркістан қаласында жиын өтті. Облыс аумағындағы діни конфессия басшылары және өкілдері бас қосқан жиында дінаралық  қарым-қатынастарды  нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.                      

Қонақтар дін саласы бойынша өзара пікір алмасты. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Мұсабек қажы Ақтамберді, жергілікті православиелік дін бірлестігінің жетекшісі Олег Соловьев және  басқа да дін өкілдері сөз сөйледі. Діни конфессиялар жетекшілерімен жүздескен өңір басшысының орынбасары Сәкен Қалқаманов дін өкілдерін айтулы күнмен құттықтады. Қабылдау соңында діни конфессиялар жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.

 

792 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз