Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Қазан, 2020

Абай шығармалары Сеул кітапханаларына жеткізілді

Абай шығармалары енді Сеул оқырмандарына да қолжетімді.  Оңтүстік Корея астанасындағы ең ірі кітапханалардың біріне ұлы ақынның шығармаларын тапсыру рәсімі өтті. Бұл мемлекеттік мекемеде Қазақстан жазушыларының бұрышы да бар. Сеулде күн сайын коронавирустың бірнеше жағдайы тіркеледі. Сәйкесінше бұл жолы қалада кітапханалар жабылып, оқырмандар сүйікті ісімен айналысу қиындаған. Қазір шаһарда кітапханаға кірудің жаңа ережелері енгізілген.  Кітапханаларда кітаптар да дезинфекцияланады. Арнайы құрылғы парақтарды 30 секунд ішінде залалсыздандырады. Кітапханаға барып, кітап алу үшін арнайы карта қажет. Бұл – шет мемлекеттен келген отбасылардың балаларына арналған зал. Кіре берісте аяқ киімді шешіп, шығармаларды жылы еденде жатып оқуға болады. Бүгін елшілігіміздің өкілдері Сонбук аудандық кітапханасына корей тіліндегі Абайдың 20 шығармалар жинағын тапсырды. 

Ли Гон Ван, Сонбук мәдени қорының атқарушы директоры: 

- Абай қазақтың ұлы ақыны және философы деп естідім. Мен кітаптарды сыйға тартқан Қазақстан елшілігіне ризамын. Біз Абайды мүмкіндігінше көп дәріптеуге тырысамыз. Сонбук ауданы Сеулдің мәдени ауданы болып саналады. Мұнда 14 кітапхана жұмыс істейді. Енді олардың әрқайсысынан Абай шығармаларын табуға болады.

                                                  24.kz

1358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз