Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қараша, 2020

Моңғолияда 5 күндік қатаң карантин орнады

Моңғолия үкіметі 11 қарашадағы кезектен тыс отырысында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы вице-премьер Я.Содбаатар мәлімдеді, деп жазады montsame.mn.

Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Моңғолияның үлттық қауіпсіздік кеңесінің ұсыныстарына, отандық ғалымдар мен зерттеушілердің пікіріне және қауіпті бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, 12 қараша сағат 06:00-ден 17 қараша сағат 06:00-ге дейін ел аумағында қатаң карантиндік режимді енгізуді дұрыс деп тапты, - деді Содбаатар.

Вице-премьер мәлімдемесінде ел қатаң карантин режиміне немесе апаттарға жоғары дайындықтың екінші деңгейіне көшетінін атап өтті. 

Оның айтуынша, ғалымдар мен зерттеушілер осы кезеңде кәсіби және мамандандырылған мемлекеттік мекемелер елде коронавирустық инфекцияның таралуын толық бақылауға алады деп санайды.

Ол азаматтарға санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауға және үйде болуға, ал мекемелер мен компанияларға жұмысты мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға кеңес берді.

Айта кету керек, елдің жаппай қатаң карантиндік режимге көшуіне байланысты Моңғолия астанасының алты ауданында патрульдік топ жұмыс істей бастады, ол азаматтардың карантиндік шектеулерді 5 күн бойы сақтауын бақылайды.

Жұмысқа 400-ден астам қызметкер жұмылдырылды, олардың құрамына есірткі бақылау, полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері кірді.

Азаматтарға карантин режимін сақтау, аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпау, үнемі медициналық қорғаныс маскаларын тағу, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, қолды жиі жуу және қажетті қашықтықты сақтау ұсынылады.

Еске салайық, Моңғолияда соңғы тәулікте барлығы 644 сынақ өткізіліп, нәтижесінде коронавирустық инфекцияның 24 жағдайы анықталды.

Олардың ішінде 22 қазанда моңғол-ресей шекарасындағы «Алтанбулаг» өткізу пункті арқылы шекарадан өткен бір адам, 10 қарашада «Алтанбулаг» арқылы елге кірген бір жүк көлігі жүргізушісі, Сеулден оралған 5 адам және Үндістаннан шығарылған 3 адам, сондай-ақ бақылау тестімен қамтылған 3 адам бар.

Осылайша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандың жалпы саны 406 адамға жетті, оның ішінде 317 адам жазылып шықса, 84 адам ғылыми-зерттеу орталығында емделуде. 72 науқас аурудың жеңіл түрі байқалса, 10 пациенттің жағдайы орташа, ал екі науқас аурудың ауыр түріне шалдыққан.

548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз