Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 13 Қараша, 2020

"Мені бұлай жақсы көреді деп ойламаппын"

Бірде Миннесоттағы мектептің математика пәні мұғалімі балаларға тапсырма берді. 

Сыныптағы балалардың атын тізіп шығу. Әр сыныптасының жанына бойындағы қай қасиеті ұнайды, соны жазу. Сабақ соңында тапсырманы жинап алды. Бұл жұма күні болатын.

Мұғалім екі күн бойы балалардың жұмысын тексеріп, әр баланың сыныптасы жазған қасиеттерін тізіп шықты.

Дүйсенбі күні әр оқушының сыныптастары жазған мінездемені берді.

Оқушылар оқып, көңілдері толқып кетті. “Мынау мен бе? Мені қасымдағылар жақсы көреді деп ойламаппын?"- деген сыбыр-күбір көбейе бастайды. Мұғалім мақсатына жетті. Оқушылары өздеріне толық сенді.

Балалар мектеп бітірді. Бірнеше жылдан соң баяғы оқушылардың бірі Вьетнамда қайтыс болады. Оны жерлеу үшін Миннесотқа алып келді.

Достары, сыныптастары, мұғалімдері соңғы сапарға шығарып салуға жиналды.

Әкесі математика мұғаліміне жақындап:

- Сізге бір нәрсе айтайын деп едім,- деді де, қалтасынан төрт бүктелген қағазды алды.

- Мына қағазды баламның төс қалтасынан таптым. Таныдыңыз ба?

Бұл кезінде сыныптастары жақсы қасиеттерін тізіп жазған қағаз болатын.

Анасы:

- Сізге рақмет! Бұл қағазды қолынан тастамайтын. Көңіліне кірбең түссе, дереу ашып оқитынын байқайтынмын,-деді көз жасын сүртіп.

⠀Дәл осы сәтте таңғаларлық жағдай болды. Балалар төс қалтасынан, әмиянынан қағаз шығарды. Бәрі де жанынан тастамай жүргенін айтты. Тіпті кейбірі үйіндегі альбомға салып қойыпты.

Сонда оқушылардың бірі тұрып:

- Біз тізімді ешқашан жанымыздан тастаған емеспіз. Бұндайды тастауға кімнің дәті барсын? - деп жауап берді.

Аударған Айнұр Бұлақбай.

885 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз