Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Қараша, 2020

"Adal" партиясы депутаттыққа кімдерді ұсынды?

19 қарашада «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Бұл туралы «Adal» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Қожамқұлов хабарлады.

Сонымен, «Adal» саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған тізімге мына кандидаттар кірді:

  1. Серік Сұлтанғали – «Adal» партиясының төрағасы;

  2. Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткеріэкономист, саясаттанушы;

  3. Ардақ Назаров – белгілі спортшы, қоғам белсендісі;

  4. Мақсат Толықбай – белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;

  5. Алмасбек Садырбаев – «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;

  6. Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам белсендісі;

  7. Олжас Ордабаев – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;

  8. Жигули Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті»;

  9. Нұрлыбек Малелов – қаржыгер, мемлекет қайраткері;

  10. Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;

  11. Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;

  12. Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;

  13. Алина Абдрахманова – бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;

  14. Халиола Акдрашев – кәсіпкер;

  15. Ляззат Чинкисбаева – «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы;

  16. Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;

  17. Ғани Абадан – партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;

  18. Тимур Әбдікәрімов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;

  19. Ақмарал Бекмұрзаева – бизнес-тренер, кәсіпкер;

  20. Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.

722 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз