Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 20 Қараша, 2020

77 оқулық қазақ тіліне аударылды

 

"Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдік деңгейде бірегей 77 оқулық қазақ тіліне аударылды. Бұл іске 300-дей отандық ғалым атсалысты. Мемлекеттік және жекеменшік 132 оқу орнына таратылды. Студент санына қарай әр университет тиісті мөлшерде құнды мұраларға иелік етті.

 

 Айта кетейік, «100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бастапқыда университет оқытушыларынан ағылшын тілінде барлығы 800-ге жуық кітапты аудару жөнінде ұсыныс түскен болатын. Кейін аударма бюросы ұсыныстарды іріктеп, ауқымды істі бастап кетті. Жыл соңына дейін 23 кітап аударылады. «Сөйтіп оқу орындарына таратылады», – дейді ұлттық аударма бюросының басшысы. Бұған қоса ұлы Абай шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды. Бұл іспен де ұлттық аударма бюросы айналысты.


435 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз