Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Қараша, 2020

Сот министрліктің  шешімін күшінде қалдырды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыруға қатысты қаулыны БҒМ-нің пайдасына қабылдады. Сот отырысы елордада өтті.

Сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беретін бас лицензиясынан және оның қосымшаларынан айыру туралы қаулысына қатысты академияның шағымы бойынша әкімшілік іс қаралды.

 «Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған заң бұзушылық фактілерін де сот растады», – деді  ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.

506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз