Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қараша, 2020

Сыбайлас сыныптастар көлік ұрлаған

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жұмысының алдында тұрған “ВАЗ” маркалы автокөлігін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін мәлімдеген.

Аталған жайт ҚР ҚК (Ұрлық) бабымен СДТТБТ-не тіркелді. Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерімен Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Жақай Жанбол автокөлікті айдап кеткендерді ұстау мақсатында жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар Сарыағаш қаласының екі тұрғынын анықтады. Полицейлер ақпарат көздерін жинақтап, соның арқасында күдіктілерді бес тәулік ішінде Алматы қаласынан ұстады. Екі күдіктінің бірі бұрын сотты болған, екіншісі дәл осындай қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген сыныптас жігіттер болып шықты.

Сонымен қатар тергеу барысында күдіктілердің осыған дейін де көлік ұрланғандары белгілі болды. Ұрланған көлікті олар өз пайдасы үшін бөлшектеп сатып жіберген. Содай-ақ аталған “ВАЗ” автокөлігін екі сыныптас Алматы қаласына айдап кеткен. Бүгінгі таңда ұрланған автокөлік өз иесіне қайтарылды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне көлігі табылғаны үшін алғыс білдірді.


763 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз