Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қаңтар, 2021

Зейнетақы жинақтарын SMS хабарлама арқылы білуге болатын қызмет іске қосылды

БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.

Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бірреттік пароль арқылы кіру қажет.

Бір реттік пароль арқылы кіру үшін бірнеше қадам жасау керек:

өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;

дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;

«Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;

алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

«Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді», - делінген БЖЗҚ баспасөз хабарламасында.



496 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз