Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Сәуір, 2024

Балқаш ауданында қамыс өрті толығымен жойылды

Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс өсімдіктерінің жануы толығымен жойылды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазавиақұтқару" тікұшағымен жалпы көлемі 390 тонна 130 су ағызу жұмысы жүргізілген. Қазіргі таңда орман шаруашылығы мен жергілікті тұрғындардың күшімен қарауыл жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Айта кетерлігі, 19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған.
Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

238 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз