Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Қаңтар, 2021

ҚР Президенті: Тəуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі

 

«Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілдетін болады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділет қоғам құруға жұмылдыруымыз керектігін баса айтты. «Басты басымдық - халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп,қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қасатындығын білгені жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. 

493 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз