Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Қаңтар, 2021

Президент банк зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты

Жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнатақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты.

«Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі – отандық зейнетақы жүйесі. Аталған жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет. Біз өте маңызды, бірегей реформаны іске қостық, яғни зейнетақы активтерін ішінара алу мүмкіндігі берілді», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы түрлі тетіктер арқылы азаматтарға өздерінің жинақтарын басқару мүмкіндігін ұсыну керектігін айтты.

«Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту тұжырымдамасын даярлап жатыр. Оны іске асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Жалпы, әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Парламенттің жаңа мүшелерінен белсенді жұмысты күтемін», - деді Президент.

538 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз