Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 16 Қаңтар, 2021

Қазақстандық боксшы қыздар топ жарды

Сербияда бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Ұлттар кубогінде қазақстандық екі спортшы алтын алды.

Қазақстан құрамасы сапынан алты боксшы финалға шықты. Әзірге олардың арасынан Арайлым Марат (48 келі) пен Дина Жоламан (54 келі) финалда қарсыластарын қапы қалдырды.

Арайлым словакиялық, Дина сербиялық боксшыны жеңді.

Аталмыш турнирде бұған дейін қазақстандық боксшылар 2012, 2015, 2016, 2018 жылдарда командалық есепте жеңімпаз атанған болатын.

Үш мәрте мұндай мәртебеге ресейліктер ие болды.

536 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз