Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2021

Ұлттық қоғамдық кеңес жаңа мүшелермен толықты

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы қоғам қайраткерлерімен және сарапшылармен толықты. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин фейсбук парақшасында мәлім етті.
-"Қазір оның жұмысына «Nur Otan», «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы және «Ауыл» партиясының өкілдері атсалысып жатқанын білесіздер. Енді оларға «Adal» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев қосылды.
Ұлттық кеңеске, сондай-ақ, өңірлердің тағы бір өкілі – қоғам қайраткері, Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жанындағы арнайы мониторинг тобының жетекшісі Тәттігүл Талаева мүше болды.
Бұдан бөлек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жастар да атсалысуда. Олар – білім мәселелері жөніндегі сарапшы, «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының белсендісі Қайсар Тұрсынқожа, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері, Халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова және «StopFake.kz» жобасының жетекшісі Александр Данилов.
Ұлттық кеңеске медиа саласының және сарапшылар қоғамдастығының тағы бір өкілі – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы, Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесі алқасының мүшесі Асқар Омаров та мүше болды.
Ал, Асылбек Қожахметов, Ермек Тұрсынов пен Шыңғыс Мұқан ротация бойынша Ұлттық кеңестің құрамынан шығарылды. Әріптестеріме Кеңес аясында атқарған жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін.
Ұлттық кеңеске жаңадан кірген азаматтар тың ұсыныстар айтып, күн тәртібін жаңартуға өз үлесін қосады деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта алқалы жиынның бесінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде".

502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз