Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 18 Қаңтар, 2021

Неміс патриотизмінің 10 өсиеті

  1. Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес
  2. Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғаныңда өз еліңе бір тиын зиян келтіретініңді ұмытпа.
  3. Сенің ақшаларың тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.
  4. Шетелден келген машина және құрал-саймандарды қолданып, герман жерін, шаңырағын, герман шеберханасын қорлама.
  5. Өз дастарханыңда шетелдің еті, майы, тағы басқаларына ерік берме, себебі ол неміс ет өндірісіне және отандық шаруашылығына зиян келтіреді.
  6. Әр уақытта неміс қағазына, неміс қаламымен, неміс сиясымен жаз да, неміс сорғыш қағазымен сорғыз.
  7. Немістің игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.
  8. Тек қана неміс матасымен тігілген сырт киімдер мен неміс қолынан шыққан бас киім ки.
  9. Егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені іш. Балаларың мен әйеліңе де отар елдің какаосын ішіп, шоколадын жеуге әмір ет.
  10. Ешуақытта шетелдің тауарына қызықпа және есіңде берік сақта, герман азаматының керегін тек Германия шығара алады.

Кенжеболат Жолдыбайдың парақшасынан

1703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз