Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қаңтар, 2021

Алматыда алдағы уақытта қандай көшелердің қозғалысы біржақты болады?

Kolesa.kz  басылымының мәліметінше,  алдағы уақытта тек бір бағытта қозғалатын көшелердің жол қозғалысын реттеу көзделіп отыр.

Жоспардан 2023 жылға дейін Брусиловский көшесін біржақты етіп, Тілендиев көшесімен екі бағытта қозғалу мүмкіндігін қайтару көзделгенін көруге болады.

2030 жылға дейін мына көшелердегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін:

- Нұрмақов және Манас көшелері Төле биден Абайға дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай;
- Әуезов көшесі Жандосовтан Төле биге дейін (бағыты белгісіз, бірақ оңтүстіктен солтүстікке қарай болатын шығар);
- Әйтеке би Әуезовтен Назарбаевқа дейін батыс-шығыс бағытында;
- Қазыбек би Әйтиевтен Назарбаевқа дейін шығыс-батыс бағытында;
- Әйтиев Қазыбектен Төле биге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай;
- Достық Қазыбек биден Сәтбаевқа дейін солтүстік-оңтүстік бағытында.

 

562 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз