Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қаңтар, 2021

COVID-19: Еліміздің 6 облысы мен 1 қаласы "қызыл" аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Еске сала кетсек кеше, яғни 20 қаңтарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сол күнгі жағдай бойынша «қызыл» аймақта 7 өңір (Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы), ал «сары» аймақта 4 өңір (ШҚО, БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары) тұрғанын мәлім еткен еді.

Бүгінгі матрица Шығыс Қазақстанның «сары» аймақтан шыққанын көрсетіп тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.


 

 

587 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз